Енді ақауы бар ақылы жол учаскесінде жүру тегін болады. Министрлік жаңа тәртіпті түсіндірді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жүргізушілер енді тек сапалы жол үшін төлейді.

Бүгіннен бастап ақылы жолдардың ақауы бар учаскесінде жол жүру ақысы тегін болады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

"15 қыркүйекте республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем жасау ережелері өзгерді. Оған сәйкес, жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды. Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның бес шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді", – делінген хабарламада.

Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолға қолданылады.

Айта кетейік, бүгінде ақылы жолдарға "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жауапты. Ал жүргізушілер жолдағы ақаулар туралы тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарлай алады.

Серіктестер жаңалықтары