USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Еңбек министрлігі зейнетақы төлемінен 20 пайыз ұсталады деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды.

Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз мөлшері ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Ееңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 

Белгісіз тұлғалардың deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатқанын хабарлаймыз.

"2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылуда", – делінген хабарламада. 

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңгені құрады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз