Тікелей эфир

Ең ластанған елдердің антирейтингінде Қазақстан 30-орында

Қазақстан ең ластанған елдердің антирейтингінде 35-орыннан 30-шы орынға көтерілді, бірақ ластану индексі өзгерген жоқ.

Қазақстан ластануы бойынша әлемдік индексте 111 елдің ішінде 30-шы орында. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

Рейтинг әртүрлі елдердің қалаларының жалпы ластану деңгейін: ауа мен судың ластануын, қоқыс шығару сапасы, жарық пен шудың ластануын, ластануға байланысты жасыл желек деңгейі мен өмір сүру жайлылығын бағалайды.

Қазақстанның ластану индексі – 73. Салыстыру үшін ең ластанған бес ел: Моңғолия, Мьянма, Ливан, Гана және Нигерия индекстері – 92,4 және 88,2 аралығында болды.

Ал ең таза елдер:

  • Финляндия (11,8);
  • Исландия (15,7);
  • Эстония (17,1).

Оқи отырыңыз: Президент: ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі жоспары – уақтылы көтерілген бастама.


ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Әзербайжаннан (73,4) кейін ең ластанған ел. Алматы 78,5 индексімен әлемнің 251 қаласы арасында 48-орынға тұрақтады.

Бір жыл бұрын Қазақстан дәл осы 73 индексімен 35-орында болған.

Серіктестер жаңалықтары