Тікелей эфир

Елордада отандық өндірушілердің көрмесі ашылды

Биыл көрмеге 350-ден астам компания қатысып жатыр.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің жыл сайынғы Ulttyq Onim көрмесі ашылды. Шараның негізгі мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау және дамыту, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл көрмеге 350-ден астам компания қатысып жатыр. Онда азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы тауарлары, сондай-ақ мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнімдер көрермен назарына ұсынылған.

Көрмеге қатысушылардың арасында жеке гигена тауарларын, пластиктен жасалған бұйымдарды, металлопластиканы өндіруші "Радуга" ЖШС, полиэтилен құбырларын өндіруші "KazPolimerPlast" ЖШС, аккумулятор батареяларын өндіруші "Қайнар – АКБ" ЖШС, мамандандырылған аяқ киім өндірушісі "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС, кілем және кілем бұйымдарын өндіруші "Бал Текстиль" ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар бар.

"Алтыншы мәрте өткізіліп жатқан көрме ел азаматтарының қызығушылығын тудырып қана қоймай, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін көрсетіп, тәжірибе алмасу алаңына айналды. Сондай-ақ, шара компаниялар арасындағы экономикалық кооперацияны кеңейтуге және өндірістік жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, іс-шара барысында дәстүрлі түрде "Халық Таңдауы" атты тағамдардың дәмін тату байқауы өтеді. Сонымен қатар жетекші қазақстандық өндірушілердің әйелдер мен ерлер киімдерінің коллекциясы көрсетіледі.

Көрме 22 мамырға дейін жалғасады.


Оқи отырыңыз: Ағаш үгіндісінен – аккумулятор. Отандық өндірісті дамытуға не қажет?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары