Тікелей эфир

Елорда мектептерінде 26 мың оқушыға орын жетпейді

Мәселені шешу мақсатында 15 700 орынға арналған 11 мектеп салынып жатыр.

Астана мектептерінде 26 мыңнан астам оқушыға орын жетпейді. Осы мәселені шешу мақсатында 11 мектеп салынып жатыр, деп мәлімдеді қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев. 

Дәл қазір нақты 26 454 балаға мектепте орын жетіспейді. 

"Елорда мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 15 700 орынға арналған 11 мектеп салынып жатыр. Мұнымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында алдағы екі жылда 24 ірі мектеп ашылады", – деді басқарма жетекшісі. 


Оқи отырыңыз: Мектеп формасы мен құралдарына – 40 567 теңге. Оны кімдер және қалай ала алады?


Еске салсақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі биыл бірінші сыныпқа 340 мың оқушы баратынын хабарлаған еді. Өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірген. 

Серіктестер жаңалықтары