Тікелей эфир

80 пайызға жуығы мемлекеттік тілді таңдады. Биыл бірінші сыныпқа 340 мың оқушы барады

Бірінші сыныпқа баратын оқушылар саны Шымкентте көп.

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды.

"Өтініш берішулердің 70,7 пайызы мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды", – делінген баспасөз хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Талапкерлер "Қазақстан халқына" қорының грантын қай жоғары оқу орынан ала алады?


Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары