Прямой эфир Новости спорта

Елорда атауы қашан ресми түрде Астана деп өзгертіледі?

Парламент бекіткен құжатқа президент бір ай ішінде қол қоюы керек.

Әділет министрі Қанат Мусин парламент кулуарында елорда атауын Астана деп өзгертудің тәртібі туралы айтты.

"Бүгін парламент астананың атын өзгертуді мақұлдады. Енді елорданың атын өзгерту туралы президент жарлығы шығуы керек. Осымен қала атауын өзгерту процесі ресми түрде аяқталады", – деп түсіндірді министр.

Парламент бекіткен құжатқа президент бір ай ішінде қол қоюы керек.

Журналистер "Қазақстан астанасының кейін тағы өзгертуге бола ма?" деп сұрады. Бұл сауалға министр елорда атауының өзгермейтін нормаларға жатпайтынын айтты.


Оқи отырыңыз:


 

 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары