Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Елнұр Бейсенбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын "Жастар Үні" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі қызметінен бастаған. Әр жылдары мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеп, жастар саясатына жауапты болған. 2023 жылғы қаңтар айынан бастап Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді. Amanat партиялық тізімі бойынша VIII сайланымдағы Мәжіліс депутаты болып табылады.

