Тікелей эфир

Елімізде зейнетақы жинағын алу ережелері өзгереді

10 тамыздан бастап қазақстандықтар стоматологиялық қызметтерге жинағын жұмсай алмайды.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу ережесі өзгереді. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерінен медициналық қызметтің бір түрін алып тастауды ұсынып отыр.

"2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін қағидалардың 1-қосымшасының 2-тармағының қолданылуын тоқтата тұруды бұйырамын: Қазақстан аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тістерді протездеу, имплантациялау)", – делінген мәтінде.

Осылайша, егер жаңартылған бұйрық күшіне енсе, онда 10 тамыздан бастап қазақстандықтар аталған стоматологиялық қызметтерге жинағын жұмсай алмайды.
 
Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге жұмсауға рұқсат беруді ұсынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
11

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары