Елімізде құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Кейінгі екі жарым жылда елде букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құмар ойындардың жарнамасын тоқтату керек екенін айтты. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 

Кейінгі екі жарым жылда елде букмекерлік кеңселердің саны 38-ден 16-ға дейін азайған. Қазір төртеуінде лицензияның күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан бері бес лицензия қайтарылды. 

"Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұның бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек деп есептеймін", – деді мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз