Елена осы маусымдағы және мансабындағы екінші WTA 1000 титулын алды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалдағы қарсыласы әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининаны 6:4, 1:0 есебімен жеңді. Екінші партияның екінші геймінде Калинина жарақат алуына байланысты ойынды жалғастыра алмады.
Қазақстандық теннисші финалға дейін итальялық Жасмин Паолиниді (7:6, 6:1), ресейлік Анна Калинскаяны (4:3, қарсыласы жарыстан шығып қалды), чех Маркет Вондроушованы (6:3, 6:3), әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтекті (2:6, 7:6, 2:2, қарсыласы жарыстан шығып қалды) және латвиялық Елена Остапенконы (6:2, 6:4) жеңді.
Continuing her stellar season 🏆
— wta (@WTA) May 20, 2023
Elena Rybakina | #IBI23 pic.twitter.com/VjNW5zwEGN
Римдегі WTA 1000 турнирінің жүлде қоры биыл 3,5 млн евроны құрайды. Турнир жеңімпазы Елена Рыбакина 521 мың евро тапты. Оған қоса 1000 рейтинг ұпайын алып, әлемдік рейтингіде төртінші орынға көтеріледі.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина биыл үшінші рет WTA 1000 турнирінің финалына шықты
Елена Рыбакина осы маусымда WTA 1000 турнирлер сериясының финалына үшінші рет шығып отыр. Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллсте жеңіске жетсе, Майамиде жеңіліс тапты. Жыл басында Елена Australian Open финалына шықты.
Қазақстандық теннисші осы маусымда WTA 1000 турнирлеріндегі жеңіс саны бойынша рекорд жасады. Рыбакина қарсыласын 19 рет жеңсе, Арина Соболенко мен Ига Швёнтектің әрқайсының еншісінде 15 жеңістен бар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-