Ол финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен кездеседі.
Қазақстандық теннисші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің финалына шықты.
Рыбакина жартылай финалда әлемнің 20-ракеткасы, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенконы 6:2, 6:4 есебімен екі сетте жеңді. Матч 1 сағат 43 минутқа созылды.
Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде латвиялық, біреуінде қазақстандық теннисші жеңіске жеткен еді.
Қазақстандық теннисші жартылай финалға дейін итальялық Жасмин Паолиниді (65) – 7:6, 6:1, ресейлік Анна Калинскаяны (57) – 4:3 (қарсыласы жарыстан шығып қалды), чех Маркет Вондроушованы (70) – 6:3, 6:3 және әлемнің бірінші ракеткасы поляк Ига Швёнтекті 2:6, 7:6, 2:2 (қарсыласы жарыстан шығып қалды) жеңді.
Оқи отырыңыз: "Головкиннің ізбасарлары". Қазақстанды әлемге танытып жүрген спортшылар кімдер?
Елена Рыбакина финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен бас жүлдені сарапқа салады.
Римдегі WTA 1000 турнирінің жүлде қоры биыл 3,5 млн евроны құрайды. Турнир жеңімпазына 521 мың евро беріледі. Оған қоса 1000 рейтинг ұпайын алады.
Елена Рыбакина осы маусымда WTA 1000 турнирлер сериясының финалына үшінші рет шығып отыр. Қазақстандық теннисші Индиан-Уэллсте жеңіске жетсе, Майамиде жеңіліс тапты. Жыл басында Елена Australian Open финалына шықты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
267
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
269
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
262
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
273
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
302
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
327
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
290
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
289
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
292
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
273
-
0
-
0
-