Тікелей эфир

Елді мекендерде автобустардың жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруына тыйым салынады

Қазіргі таңдағы шектеу – сағатына 60 шақырым. Шектеуді күшейту арқылы ІІМ жол-көлік апаты санын 25 пайызға қысқартпақ.

Ішкі істер министрлігі Жол жүрісі қағидалары, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында автобус жүрісінің жылдамдығын төмендету шарасы бар.

Жаңа өзгертулерге сәйкес, енді автобустар елді мекен ішінде қозғалғанда жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асырмауы тиіс. Қазіргі таңда рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 60 шақырымға дейін.

Ішкі істер министрлігінің түсіндіруінше, автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары олардағы зардаптардың ауырлығын бірнеше есе арттырады. Сәйкесінше, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыру мақсатында шектеуді күшейту автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттары санын азайтуға мүмкіндік бермек.


Оқи отырыңыз: Жол белгілерін жақсы білесіз бе? Жүргізушілерге арналған тест


"Жылдамдығы сағатына 50 километрмен жүрген жағдайда өлім мен жарақат айтарлықтай төмендейді. ДДҰ статистикасы бойынша жылдамдық режимін сағатына 50 километрге дейін төмендету жол-көлік апаты кезінде өлім ықтималдығын 25 пайызға төмендетеді, өмір сүру мүмкіндігін арттырады", – делінген ІІМ түсіндірмесінде.

Сондай-ақ, қазір қалааралық және шағын автобустарға автомагистральдерде жылдамдықты сағатына 110 шақырымға дейін арттыру рұқсат етілсе, енді бұл рұқсат жойылады. Олар енді жылдамдықты cағатына 90 шақырымнан асыра алмайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары