Қазақстанда оқырманы ең көп 100 кітап анықталатын болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты.
"Ұлттық құрылтайға мүше депутаттар елімізде жаңа бастаманы қолға алуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – қазақстандық авторлардың еңбектерін насихаттау болып табылады. Көптеген дамыған елдерде осындай тамаша дәстүр қалыптасқан. Мәселен, Ұлыбритания мен Франция сияқты елдерде әдеби шығармалардың сараптамалық сауалнамалары жасалып, 100-200 үздік тізімі жарияланып отырады. Осыған ұқсас түрде біз де халқымыздың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында жалпыұлттық сауалнама жүргізу туралы шешім қабылдадық", – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин бастаманың ресми ашылуында.
Сондай-ақ, Ерлан Қарин бұл бастаманың мақсаты тек үздік 100 шығарманың тізімін жасау емес, сонымен қатар оқырмандар арасында әдеби шығармаларды тереңірек түсініп, талқылау дәстүрін қалыптастыру екеніне тоқталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның әрбір бесінші азаматы "Абай жолы" мен Абайдың "Қара сөздерін" оқыған
USD:
483.7 / 486.7
EUR:
554.5 / 559.5
RUB:
5.95 / 6.09
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…