2024 жылы Қазақстанда бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланудың 300-ге жуық дерегі тіркелді. Бұл Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлім етті. Ол мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және олармен күресу бағытындағы шаралардың күшейтілуі қажет екенін атап өтті.
"Егер авторлық құқық иелері шағымданса, тиісті тексерулер жасалады. Екіншіден, былтыр елімізде бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланудың 300-ге жуық дерегі анықталды. Сонымен қатар, маркетплейстер мен басқа интернет-платформаларға тоқталсақ, осы жүйеде саудалауда тиісті мәселелер бар. Қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай өнімдерді жарнамалауға әрі сатуға шектеу енгізуге қатысты жұмыстар атқарылып жатыр", – деді министр.
Аталған шектеу авторлық құқық иелерінің шағымынсыз іске асырылатын болады.
Оқи отырыңыз: "Қызыңды жұмысқа орналастырамын". Қызылордада тұрғыннан алдап 800 мың теңге алған күдікті ұсталды