"Қызыңды жұмысқа орналастырамын". Қызылордада тұрғыннан алдап 800 мың теңге алған күдікті ұсталды

Фото: Informburo
Фото: Informburo
Жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 3 млн теңгені құраған. 

Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 39 жастағы әйелді ұстады. Бұл азамат 2025 жылғы қаңтарда "қызыңды жұмысқа орналастырып беремін" деген желеумен жәбірленушіден 800 мың теңге көлемінде ақша алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алайда, уәде беріп жұмысына тұрғызбаған азамат алған ақшасын да қайтармаған. 22 сәуірде полицияға жергілікті екі тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы тағы осындай мазмұнда арыз түсті. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 3 млн теңгені құраған. 

"Күдіктіні ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде алаяқтық дерегімен бұрын жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматшаның басқа да оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті қамауда", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Жезқазғанда баланы ұрған тәрбиеші қоғамдық жұмыстарға тартылды


Полиция департаменті азаматтарға қырағы болу және бейтаныс адамдарға сенбеу қажеттігін тағы да ескертті. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары