Тікелей эфир

Экс-министр Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болды

Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі.

"Самұрық-Қазына" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.

Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Ол еліміздегі ең ірі телекоммуникациялық компанияны 14 жылдан астам уақыт басқарды.

Бағдат Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетінде "Есептеу техникасын бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша біліп алды.

2006 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығын тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженер болып бастады.

2007 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы цифрландыру және инновациялық технологиялар бойынша кеңесшісі болды. Басқа да мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарды.

2020 жылдан 2024 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. Сонымен қатар жеке компанияларда, оның ішінде корпоративтік венчурлық қорлардың басшысы болды. 2014-2016 жылдар аралығында Бағдат Мусин "Қазпошта" компаниясын басқарды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары