Екібастұзда синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашқан ағайынды екі азамат ұсталды

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Гараждан 10 келіден астам психотроптық зат табылды.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылды. Арнайы операция барысында ағайынды екі жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілер тұрғын үйдің ауласындағы гаражда синтетикалық есірткіні ірі көлемде өндіруді ұйымдастырған. Ол үшін гараж арнайы жабдықталған.

Тінту кезінде 10 келіден астам "альфа-PVP" психотроптық заты, 860 литр химиялық сұйықтық, оның ішінде 300 литрлік реактор-сыйымдылық, зертханалық ыдыстар, таразылар және жеке қорғаныс құралдары тәркіленді. Тергеу барысында күдіктілердің әрекетін Signal мессенджері арқылы байланысқан куратор үйлестіргені анықталған. Ол есірткі өндіру процесін бақылап, прекурсорлар жасырылған орындардың орналасқан жерін хабарлап отырған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицияның хабарлауынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір прекурсорларды жеткізу арналары мен есірткі бизнесін ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін басқа да адамдарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Іс бойынша кінәлі деп танылған ұйымдастырушыларға қатаң жаза, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау