USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Екі айлық сәби Таиландтан арнайы рейспен Қазақстанға эвакуацияланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан дәрігерлері Таиландтан ауыр науқас нәрестені алып келді.

Таиландтың Пхукет қаласынан ауыр халдегі екі айлық нәресте арнайы медициналық авиация арқылы Алматыға жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы хабарлады.

Мамандардың айтуынша, биыл 24 наурызда дүниеге келген сәбидің жағдайы ауыр болғандықтан, оған жасанды тыныс алдыру аппараты қажет етілген. Осыған байланысты тасымалдау кезінде арнайы медициналық кювез қолданылды.

"Нәрестені елге жеткізу жұмысына орталықтың мобильді бригадасы жұмылдырылды. Құрамында дәрігер Жасұлан Жұмағұлов, фельдшер Болат Шәріпов және неонатология департаментінің басшысы Асхат Қуанышбаев болды. Алматыға жеткізілгеннен кейін сәби әрі қарай ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жатқызылды", – делінген хабарламада. 

Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз