ЕGov көлік нөмірін онлайн таңдауға болатын сервисті іске қосты. Бір аптада 226 мың өтініш түскен

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жоба пилоттық режимді жұмыс істеп тұр.

8 қаңтарда eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру қызметі пилоттық режимде іске қосылды. 

Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілсе, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асты. Бұл туралы Электронды үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметтің танымалдығы онлайн рәсімдеудің ыңғайлы екендігін растайды. Бұл ретте жекелеген жағдайларда өтінімді рәсімдеу кезінде пайдаланушыларға төлемнен кейін таңдалған нөмір әлі қолжетімді екені көрсетілуі мүмкін. Көбінесе бұл төлем жасалғаннан кейін өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмауымен байланысты. Мұндай жағдайда "Бұрын төленен" опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады", – делінген компанияның хабарламасында. 

Информбюроның көлікке нөмір алуға қатысты түсіндірме материалын осы жерден оқуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз