ЕАЭО елдерінде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісім мақұлданды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құжат еңбек көші-қоны кезінде ғылыми атақтарды тікелей тануды көздейді.

Онлайн форматта Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Құжат еңбек көші-қоны кезінде ғылыми атақтарды тікелей тануды көздейді, бұл олардың иелеріне Одақтың басқа елдерінде берілген біліктілігіне сәйкес жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жұмысқа орналасатын мемлекетте сараптама нәтижесі бойынша теріс шешім қабылданбаған болса келісім күшіне енгенге дейін берілген құжаттар да ресми мойындалады. Енді Келісім ратификациялау үшін ЕАЭО елдеріне жолданады, содан кейін құжат күшіне енеді.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің зияткерлік көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Биыл ақпараттық өзара іс-қимылдың базалық сервистерін айқындау, деректер алмасу форматы бойынша ұсыныстар әзірлеу және тиісті құқықтық базаны қалыптастыру жоспарланып отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидаларының жекелеген ережелерін, сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын өзектендіру туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, биыл ЕЭК Кеңесіне Қазақстан төрағалық етеді, оны премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз