Тікелей эфир

E-Otinish петиция беруге арналған ресми интернет ресурс болып айқындалды

Петиция 40 жұмыс күні ішінде қаралады.

Мәдениет және ақпарат министрінің "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін (E-Otinish) Қазақстан азаматтары петиция жолдай алатын ресми интернет-ресурс ретінде айқындау туралы бұйрығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

"Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесі Қазақстан Республикасының азаматтармен петиция жолдауға арналған интернет-ресурс ретінде айқындалсын", – делінген бұйрық жобасында. 

Петиция E-Otinish ақпараттық жүйесінің "Е-петиция" модулінде тіркеледі. 

Петицияны тіркеу және есепке алу қағидасына сәйкес, петицияны қарау мерзімі ол тіркелгеннен бастап 40 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Ал жергілікті атқарушы орган тіркеуге алғаннан кейін петиция 20 жұмыс күні ішінде қаралады. 


Оқи отырыңыз: Официальный сайт для подачи петиций создадут в Казахстане. Какие вопросы в них нельзя поднимать


Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі – 27 қазанға дейін. 

Серіктестер жаңалықтары