Тікелей эфир

Дүйсенова мүмкіндігі шектеулі жандарға зейнетақы қалай тағайындалатынын түсіндірді

Үкімет өкілі оларға жәрдемақы мен зейнетақыны қатар төлеу бюджетке салмақ түсіретінін жеткізді.

Мәжіліс депутаттарының зейнет жасына жеткен мүмкіндігі шектеулі жандарды жәрдемақыдан шектемеу туралы ұсынысына жауап берген үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова бұл бюджетке айтарлықтай салмақ түсіретінін ескертіп, мұндай ұсынысты қарастыру үкіметтің жоспарында жоқ екенін жеткізді. 

Тамара Дүйсенованың түсіндіруінше, мүгедектерге қазіргі таңда қолданыстағы жәрдемақы мен зейнетақы тағайындау жүйесі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. 

Зейнетақы қалай тағайындалады?

Мүгедектігі бар адам зейнет жасына жеткенде оған жәрдемақы төлеу тоқтап, оның орнына зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте: 

  • егер зейнетақы бұрын алған жәрдемақыдан аз болса, онда зейнетақы мөлшері жәрдемақының деңгейіне дейін жеткізіледі;
  • егер зейнетақы алуға негіз болмаса, онда оған төленетін жәрдемақының мөлшері сақталады. 

"Сонымен қатар, оларға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша қарастырылған техникалық құралдары (кресло-арба, протездік бұйымдар, ноутбуктар, есту аппараттары, ұялы телефондар және тағы басқа) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін және өтеусіз негізде тұрақты пайдалануға беріледі", – деді Тамара Дүйсенова. 


Оқи отырыңыз: 


Ол 2025 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін жәрдемақы мөлшерін еске салды:

жалпы ауруы бойынша: 

  • I топ үшін 101 702 теңге;
  • II топ - 81 362 теңге;
  • III топ - 55 474 теңге;

мүгедектігі бала кезінен болса: 

  • I топ үшін 101 702 теңге;
  • II топ – 84 598 теңге;
  • III топ – 74 428 теңге.
Серіктестер жаңалықтары