Тікелей эфир

Дұғаны онлайн жасауға бола ма? ҚМДБ өкілі жауап берді

Ғибадатты да, дұғаны да жасырын істеген дұрыс, себебі жария істеген жағдайда жасандылық араласып кетуі мүмкін.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Qazaqstan арнасының эфирінде ақылы түрде дұға бағыштауға қатысты сұраққа жауап берді. 

"Дін үкімі бойынша, рұқсат етілген және етілмеген нәрсенің өзі бірнеше деңгейге бөлінеді. Мысалы, "Болады" дегеннің өзі 4 деңгейге бөлінеді: парыз, уәжіп, сүннет, мұстахаб. "Болмайды" дегеннің өзі 4-ке бөлінеді: харам, мәкрух, сондай-ақ  "істемеген жөн" деген үкімдер бар. Дәл осы жағдайға қатысты үкімге келетін болсақ, Пайғамдамбарымыздың "Садақаны өзіңнен баста2, "Жақсылықты ең алдымен өзіңе жаса, одан кейін ең жақыныңа, одан кейін жақыныңа жаса" деген хадисі бар. Дұғаны қашықтықтан ақылы түрде жасау идеясынан өз басым жақсылық көріп тұрған жоқпын", – деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі Елбек Тасболатұлы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта  көп адам дінге қатысты сөз қозғауды әдетке айналдырған.

"Бес уақыт намаз оқу, біреудің ақысын жеуге, ұрлық жасауға болмайтыны сияқты барлық мұсылман білетін мәселелер бар. Ал кейбір мәселені тек маман ғана біледі. Ол мәселені маман он жылдап оқиды, зерттеп, талдайды. "Аңқау елге – арамза молда" дегеннің мағынасы: кім байыбына бармай, зерттемей, білетін маманнан сұрамай дін туралы ақпарат айтса – арамзалық деген сол."«Мұсылман бауырының сыртынан жасаған дұғасы қабыл болады" деген хадистер бар. Бәрін жоққа шығармаймыз, бірақ қате бастама басталып кетпесе деген ниет. Дұға жасағанда 100 000 сауап жазылатыны айтылып жатыр. Қажылықта сауап еселенеді, дегенмен "100 000 сауап аласың" дегенді кепілдікпен айту – дұрыс емес. Бұл адамның ықыласына, яғни шын жүрекпен айта білуіне байланысты. Ең дұрысы, ғибадатты да, дұғаны да жасырын істеген дұрыс, себебі жария істеген жағдайда жасандылық араласып кетуі мүмкін", – деді ол.


Оқи отырыңыз: "Сюцай – нумерологияның бір түрі". ҚМДБ үкімі қандай?


 

Серіктестер жаңалықтары