3 наурыздан бастап араб елдеріндегі қазақстандық туристер елге орала бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады.
Бүгін FlyDubai ұшағы қазақстандық алғашқы азаматтарды еле жеткізді. Таңертеңгі сағат 8.30-да FlyDubai ұшағы Астана әуежайына қонды. FZ1395 рейсі елге 170 жолаушыны жеткізді.
"Flydubai әуе компаниясы Дубай – Алматы және Дубай – Астана бағыттары бойынша рейстерді іске қосады. Жалпы саны 340 турист елге жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Ал Air Astana Медина және Жидда қалаларына репатриациялық рейстер орындауды көздеп отыр. Дегенмен бұл рейстерді жүзеге асыру үшін Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсаттар алынуы қажет", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Таяу Шығысқа рейстер уақытша тоқтатылды. Air Astana 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды
Министрліктің мәліметінше, Air Astana 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Медина қаласына және кері бағытта екі репатриациялық рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта екі рейс орындауды жоспарлап отыр. Жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер негізінде жүзеге асырылады.
Қазір тиісті ведомстволар мен әуе компаниялары азаматтарды елге қауіпсіз жеткізу бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13