Доллар қымбаттады: 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар 451 теңгеге жақындады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы өсті.

Сауда нәтижесінде АҚШ валютасы 0,56 теңгеге қымбаттап, 450,91 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 450,79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 448 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы – 520 теңге, сату бағасы – 530 теңге. Рубль 5,10 теңгеден сатып алынып, 5,31 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллардың орташа сатып алу бағамы 450,79 теңге, сату бағамы 452,97 теңге болды. Еуро 522,16–527,53 теңге, ал рубль 5,15–5,26 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау