Доллар KASE-де 446,56 теңгеге дейін қымбаттады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар бір күнде 1,65 теңгеге өсті.

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасымен күндізгі сауда қорытындыланды. Доллардың орташа өлшенген бағамы 446,56 теңге болып, бір күнде 1,65 теңгеге өсті.

Ұлттық банктің 18 қыркүйекке белгілеген ресми айырбас бағамы – 444,58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 445 теңгеден сатып алып, 452 теңгеден сатуға болады. Еуро 508-518 теңге, рубль 4,97-5,17 теңге аралығында.

Алматыда доллар 446,44-448,40 теңге, еуро 509,93-515,04 теңге, рубль 5,02-5,14 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллардың бағамы 446,86-448,92 теңге аралығында. Еуро 510,84-516,64 теңге, ал рубль 5,05-5,12 теңге аралығында айырбасталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау