Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,5 теңгеге өсіп, 456,89 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы 454,46 теңге деңгейінде белгіленді. Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 452,19 теңгеден сатып алынып, 459,32 теңгеден сатылып жатыр.
Басқа валюталардың бағамы:
- еуро — 523,29 теңгеден сатып алынады, 533,29 теңгеден сатылады;
- рубль — 5,15 теңгеден сатып алынып, 5,36 теңгеден сатылады.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 454,32–456,31 теңге аралығында. Еуро 529,30–533,70 теңге, ал рубль 5,15–5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.