Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,82 теңгеге төмендеп, 450,79 теңге болды, деп хабарлайды Baribar.kz.
Ұлттық банктің ресми бағамы 456,89 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар:
- сатып алу – 447 теңге;
- сату – 454,03 теңге.
Еуро 519,03–529,03 теңге, ал рубль 5,21–5,42 теңге аралығында.
Алматыда доллар орта есеппен 447,89 теңгеден сатып алынып, 450,60 теңгеден сатылып жатыр. Қаладағы айырбастау орындарында еуро 521,50–526,94 теңге, рубль 5,15–5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.