Доллар бағамы 454 теңгеге дейін түсті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
KASE-дегі доллар бағамы 2 теңгеден астам арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

Сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 2,04 теңгеге төмендеп, 454,31 теңгені құрады. Ал Ұлттық банктің ресми бағамы 456,56 теңге болып белгіленді.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 452 теңгеден сатып алынып, 459,25 теңгеден сатылып жатыр.

Еуроның бағамы 524–534 теңге аралығында. Ресей рублі 5–5,26 теңге аралығында саудалануда.

Алматыда доллар орта есеппен 454 теңгеден сатып алынып, 455,90 теңгеден сатылуда. Қаладағы айырбастау пункттерінде еуро 526,97–531,19 теңге, ал рубль 5,10–5,23 теңге аралығында айырбасталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау