Доллар 2 теңгеден астам арзандады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллардың орташа бағамы 445,65 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық қорытындыланды.

Күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 445,65 теңге болды. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 2,01 теңгеге төмен. Ұлттық банк 23 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 447,85 теңге деңгейінде белгіледі.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сату бағамы 443 теңге, сатып алу бағамы 450 теңге болды. Еуро 506 теңгеден сатылып, 516,02 теңгеден сатып алынады. Рубльдің сату бағамы — 4,95 теңге, сатып алу бағамы — 5,15 теңге.

Алматыда доллардың орташа сату бағамы 445,07 теңге, сатып алу бағамы 447,08 теңге болды. Еуро 507,40 теңгеден сатылып, 512,24 теңгеден сатып алынады. Рубльдің сату бағамы — 5,02 теңге, сатып алу бағамы — 5,13 теңге.

Шымкентте доллардың сату бағамы орта есеппен 444,92 теңге, сатып алу бағамы 446,92 теңге болды. Еуро 508,54 теңгеден сатылып, 513,21 теңгеден сатып алынады. Рубльдің сату бағамы — 5,05 теңге, сатып алу бағамы — 5,12 теңге.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау