Польшадағы Димаш Құдайбергеннің фанклубы алғашқы "Поляк-қазақ тілашарын" жарыққа шығарды. Бұл кітап – Қазақстанның қазақ тілі мен мәдениетін насихаттауға бағытталған екі жылдық жұмыстың нәтижесі, деп хабарлады Dimashnews.com.
Тілашар шығару идеясы "Димаш радиосында" өткізілген қазақ тілі курстары аясында туған. Курсты қазақстандық оқытушы Беглан Шарымбаев жүргізген. Радио тыңдармандары осы курстың арқасында Қазақстанға сапар шегу сияқты тақырыптарда негізгі сөздер мен сөз тіркестерін үйренді.
Оқуды жеңілдету үшін поляк тіліндегі қазақ сөздерінің фонетикалық транскрипциясын дайындалып, уақыт өте келе қатысушылар барлық жинақталған материалдарды біріктіріп, кітап шығаруға шешім қабылдаған.
Сөздікті әзірлеуге: қазақ тілі оқытушысы Беглан Шарымбаев, иллюстратор Ивона Опара-Стахолец, корректор Ула Влодарск қазақ тілі курстарының авторы әрі жүргізушісі Тереза Конкол қатысты.
Оқи отырыңыз:
- Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды. Бұл қандай сыйлық?
- Димаш Құдайберген Діндер съезінің ізгі ниет елшісі болды
Авторлардың пікірінше, шағын кітап саяхатшылар үшін Қазақстанның көркем жерлерімен танысуға пайдалы нұсқаулық сонымен қатар, Димаштың жанкүйерлерін оның мәдениетін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.
"Мен біздің бұл жұмысымызды мақтан тұтамын. Димаштың бұл поляк фанклубы оның шығармашылығына қолдау көрсетіп қана қоймай, қазақ тілін кеңінен насихаттайтынының тағы бір дәлелі", – деп бөлісті Тереза Конкол.