Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының отырысында Ізгі ниет елшілері институты құрылды.
Ізгі ниет елшілері институты елшілерінің есімі белгілі болды. Олардың қатарында отандық әнші Димаш Құдайберген де бар.
Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданып, осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.
Олардың қатарында отандық Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс бар.