
Шымкент қаласында Belline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде ширек финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жартылай финалға шығу үшін Жапония командасымен таласады.Кеше Сергей Квактың шәкірттері Иранды 2:1 есебімен жеңген еді. Бүгін дәл сондай есеппен Қытайға есе жіберді. Осылайша, қазақстандық жасөспірімдер өз тобынан ширек финалға екінші орынмен шықты.
Жеребе қорытындысы бойынша ертең сондай-ақ Аустралия – Қытай, Қытайлық Тайбэй – Өзбекстан, Корея – Гонконг құрамалары өзара кездеседі. Үздік төрт команда жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.
Оқи отырыңыз:
- Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші рет финалға шықты
- Теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға өтті
- Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Дэвис кубогының іріктеу сайысын сәтті бастады
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Əр сағат сайын A’SU ішіңіз