Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші рет финалға шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
2023 жылы қазақстандық жасөспірім қыздар Испанияның Севилья қаласында өткен финалдық турнирде 9-орынға ие болған еді.

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогы (командалық әлем чемпионаты) Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде финалдық кезеңге өткен алғашқы құрама анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістаннан айласын асырды. Екі сағатқа созылған бірінші ойында Еркежан Жаңатаева камбэк жасап, Мундхе Арунды тізе бүктірді – 6:7 (3:7), 6:4, 6:3. Ал Ева Корышева Аахан Ааханға еш мүмкіндік берген жоқ – 6:1, 6:1. 

Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы қараша айында Чилиде өтетін финалдық кезеңге мерзімінен бұрын жолдама алды. 

Бұдан бұрын 2023 жылы қазақстандық жасөспірім қыздар Испанияның Севилья қаласында өткен финалдық турнирде 9-орынға ие болған еді.

Жартылай финалда Ярослава Шведованың шәкірттері 16 мамырда Қытайлық Тайбэй командасымен кездеседі.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған əсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!                                                            

Əр сағат сайын A’SU ішіңіз


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз