Тікелей эфир

Депутат Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен өтініш берген.

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Экс-депутат басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен өтініш берген. 

"Нұрлан Наурызұлы Алматы облысынан сайланып, бес жылдан астам уақыт депутат ретінде жұмыс істеді. Заң шығару және өңірлердің мәселесін шешу жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Палатаның жұмысына зор еңбек сіңірді. Комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға да біраз үлес қосты", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Сенат депутаттары Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсан күні мәжіліс отырысында Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сондай-ақ, кулуардағы соңғы сұхбаты кезінде журналист Айнұр Коскина оны өзіне шабуыл жасады деп айыптады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары