Журналист шенеуніктен оның көп әйел алуға қатысты пікірін сұраған.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті журналист Айнұр Коскина мен экс-депутат Бекболат Тілеуханмен болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Осы жылдың 29 желтоқсанында "102" каналына журналист Айнұр Коскинадан сағат 10.15 кезінде экс-депутат Бекболат Тілеуханның өзінің кәсіби жұмысын жүргізуге кедергі келтіргені, штативті әдейі зақымдап, жеңіл дене жарақатын салғаны туралы хабар келіп түсті. Шағым Есіл аудандық полиция басқармасында тіркелді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр", – деді полициядағылар.
Айнұр Коскинаның сөзінше, мәжіліс кулуарында пікір алмақ болған кезде Бекболат Тілеухан телефонға арналған штативті сындырып, қолы басына тиген. Журналист шенеуніктен оның көп әйел алуға қатысты пікірін сұраған.
Коскина лифтіге кірмек болған кезде экс-депутат оны итереді. Алайда Айнұр Коскина лифтіге кіріп, айтуынша, Бекболат Тлеухан сол жерде өзіне шабуыл жасаған.
"Лифтіге кіріп ешнәрсе де айтып үлгермедім – есік жабыла салысымен Тілеухан мырза штативке бекітілген телефонымды алып қоймақ болды. Ол телефонға арналған штативті сындырып, сол жағымнан ұрды. Ал бұған дейін қолымнан ұстап тұрғанын кішігірім қанды ісіктен, қанталаған жерлерден көруге болады. Менің әйелімде не шаруаң бар деп айта берді, ал мен одан ҚР заңнамасы тұрғысынан көп әйел алуға қатысты пікірін сұраған едім", – деді Айнұр Коскина.
Журналистің сөзінше, мәжілістегі полицейлер шағымды қабылдауға уәкілеті жоқ екенін айтқан. Тілеухан мәжілістің депутаты болғанда, журналист тәртіптік комиссияға жүгінер еді.
"Басымның ұрған жері ауырып тұр. Әсіресе басқан кезде. Ұрғанда қалай ауырса, солай ауырып тұр. Штатив түгелдей сынды, телефонымды құтқарып қалдым. Мен бұл жағдайды ҚР ҚК 158-бабы "Журналистің заңды кәсіби жұмысына кедергі келтіру" бойынша қарауын талап етемін. Оған ҚР азаматы ретінде ешқандай қарсылығым жоқ, мен тек танымал азамат ретінде шағымданып отырмын", – деді журналист.
Бекболат Тілеуханның өзі болған жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ, оның телефоны сөндірулі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
263
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
243
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
255
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
256
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
259
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
258
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
242
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
254
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
240
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
236
-
0
-
0
-