2016 жылы НЗМ әзірлеген стандартта қазақ тілінің грамматикасы қазақ тілін оқыту мазмұнынан алынып тасталған.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында мектептегі білім беру бағдарламасын ұдайы жаңалап тұру қажеттігі туралы пікір айтты.
Оның сөзінше, білім беруді еңбек нарығынан бөлек қарастыру дұрыс емес. Соған сай, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартып отыру қажет
"Білім беру мазмұнында ұлттық тақырыпты, ұлттық дәстүрімізді, төл мәдениетімізді насихаттап, қазақ тілін оқыту мазмұнында тілдік нормаларын сақтап және Қазақстан тарихын, дүние жүзі тарихын тәуелсіз Қазақстанның көзқарасымен, бүгінгі таңдағы геосаяси тұрғыдан оқытуымыз қажет. Тіпті, физика, химия, биологияны отандық өндіріс орындары, олардың экономикаға әсері тұрғысынан оқыту өте өзекті. Ауыл баласы да, қала баласы да осы біліммен қатар химия, биологияның арнайы зертханалық кабинеттерінде түрлі зерттеулер жасап, робототехниканы, жаңа заман білімін бір деңгейде оқып, үйренуге тиіс", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оқи отырыңыз:
- "Н мен ң-ді айыра алмайтын ұрпақ". Тинейджерлердің тілі неге шұбар?
- Байқоңырда "қазақ тілі мен әдебиеті" оқытыла ма?
Мәжіліс депутатының айтуынша, 2016 жылы Назарбаев зияткерлік мектептері әзірлеген стандартта қазақ тілінің грамматикасы қазақ тілін оқыту мазмұнынан алынып тасталған. Бұл стандарт қайта қаралып, қазақ тілін оқыту мазмұнына грамматика қайтарылуы тиіс. Жұлдыз Сүлейменова Қазақ тілінің тілдік нормалары, тілдік емле, грамматикасының 2016 жылғы стандарттың мазмұнынан алынуы тек депутаттарды ғана емес, ұстаздарды да қатты алаңдататынын айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
354
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
338
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
330
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
317
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
296
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
293
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
277
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
285
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
262
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
217
-
0
-
1
-