Тікелей эфир

Депутат 2025 жылға дейін жер амнистиясын жариялауды ұсынды. Ол не үшін қажет?

Оның аясында банктерге кепілге берілген 2 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылуы тиіс.

Банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтару керек, деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек. Ол бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында айтты.

"Бас прокуратураның ақпараты бойынша, екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігінде кепілдік ретінде көлемі 2 млн гектар болатын 3,9 мың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жатыр. Оны банктер және қаржы ұйымдары өздері пайдаланбайды және сол жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға асықпайды", – деді депутат.

Бақытжан Базарбек соттар көп жағдайда жер үлесінен заңсыз айырылған ауыл халқының арызын қараусыз қалдыратынын немесе қанағаттандырмайтыны айтты.


Оқи отырыңыз: Депутат ел солтүстігіне көшкеннен кейін туған сәбилерге төленетін жәрдемақыны арттыруды ұсынды


Осы ретте Үкімет пен Бас прокуратураға бірнеше ұсыныс білдірді:

  1. 2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап, шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек. Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заңды мүмкіндігін қарастыру керек.
  2. Коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету қажет.
  3. Азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу қажет.
Серіктестер жаңалықтары