Денсаулық министрі стоматологиялық қызмет барша халыққа неге тегін көрсетілмейтінін түсіндірді

Тегін қызмет алатындар тізімін кеңейту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қаржылық ауыртпалық түсіреді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын халықтың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес кей санаттағы азаматтарға стоматология қызметі тегін көрсетіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ашық диалог форматында түсіндірді.

Министрдің жазуынша, жоспарланған стоматологиялық күтім:

  • 18 жасқа дейінгі балаларға;
  • Жүкті әйелдерге;

Ал жедел стоматологиялық көмек: 

  • 18 жасқа дейінгі балаларға;
  • жүкті әйелдерге;
  • Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
  • 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқамен марапатталған көп балалы аналарға;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;
  • жасы бойынша зейнеткерлерге;
  • жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастарға;
  • мүгедек балаға күтім жасау үшін жұмыс істемейтін адамдарға;
  • бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау үшін жұмыс істемейтін адамдарға көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Балалар мен жүкті әйелдерге тегін: Стоматологиялық қызметтің жаңа стандарты әзірленді


Ажар Ғиният аталған санаттағы адамдардың не үшін стоматология қызметін тегін алатынын түсіндірді.

"Жүктілік кезінде тіс ауруы асқынуы мүмкін, 90 пайыз жағдайда физиологиялық ағыммен кариозды процестер пайда болады. Жүкті әйелдерде болатын кариозды процестің ерекшелігі – ол тіс тіндерінің тереңдігінде ғана емес, сонымен қатар қысқа уақыт ішінде жылдам тарап, асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін", – деп түсіндірді министр.

Ажар Ғинияттың жазуынша, балаларда да терең кариес пен ауыз қуысы ауруларының даму ерекшеліктері бар. Сондай-ақ тізімде көрсетілген басқа да санаттағы адамдар  табысының болмауына немесе оның жеткіліксіздігіне және де басқа жағдайларға байланысты енгізілген.

Сонымен қатар стоматологиялық қызметтердің тізбесіне "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңға сәйкес, аз қамтылған отбасының 6-12 жастағы балаларына ортодонтиялық көмек көрсетіледі.

"Тізімді кеңейту және толықтыру міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосымша қаржылық ауыртпалық түсіреді. Ал ДДҰ мәліметтері бойынша, ауыз қуысының аурулары азаматтардың өздері жүргізетін алдын алу шараларына байланысты", – деді министр.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Бөлісу:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары