Тікелей эфир

Ата-аналар "дене шынықтыру" сабағына ұлдар мен қыздарды бірге қатыстырмауды сұрады – БҒМ

Мұндай өзгеріс "Технология" пәніне де қатысты енгізілуі мүмкін.

"Технология" және "Дене шынықтыру" пәндерін өткізуге сыныпты толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздар топтарына бөлу туралы қағида енгізілуі мүмкін, деп мәлімдеді білім және ғылым министрлігі жанындағы мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

"Өзін-өзі тану пәнінің үлгілік оқыту жоспарынан алынып тасталуына байланысты өзін-өзі тану курсын "Оқыту курсы ерекшеліктері" деген №19 бөлімге өзгерістер енгізіліп, мазмұны қысқартылды. Сондай-ақ, "Көркем еңбек" пәнінің 1-4 сыныптарда "еңбекке баулу" және "бейнелеу өнері", 5-9 сыныптарда "технология" мен "бейнелеу өнері" пәндеріне бөлінуіне байланысты осы пәндерді оқыту ерекшеліктері бөлімдерімен толықтырылды", – деді Гүлмира Кәрімова.

Комитет төрайымы "Технология" және "Дене шынықтыру" пәндерін өткізуге сыныпты толымдылығына қарамастан, ұлдар мен қыздар топтарына бөлу туралы қағида, 1-сыныпта тілдерді оқытуға байланысты өзгерістер енгізілуі мүмкін екеніне тоқталды. Айтуынша, мұндай ұсыныс ата-аналар тарапынан түсіп отыр.


Оқи отырыңыз: Қай өңір мұғалімдері жоғары жалақы алады?


"Оқу бағдарламаларын жетілдіруге байланысты "жаһандық құзіреттер" бөліміне өзгерістер қарастырылған. "Жаһандық құзіреттер" курсы 2-11 сыныптарда оқытылады. Курс мазмұны келесі мақсаттарға бағытталған: зерттеу, талдау, бағалау, рефлекция, қарым-қатынас, тұтастық. Барлық оқыту тәрбие процесінің ұйымдастырылуы балалар жылы шеңберінде жүзеге асады", – деді Гүлмира Кәрімова.

Серіктестер жаңалықтары