Бұған 2000 жылдардағы ұрпақтың білім мен ғылымға, өзін дамытуға көбірек көңіл бөлетіндігі себеп болуы ықтимал.
Қазақстандық демограф Аяулым Сағынбаева Inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында елдегі бала туу көрсеткішіне қатысты өз ойымен бөлісті. Оның айтуынша, бұған арнайы есептеулер қажет. Дегенмен, маманның сөзінше, 2021, 2020 жылдары болған бэйби-бум, қазір дүниеге келгендердің көп үлесі үшінші, төртінші, бесінші балаларды дүниеге әкелушілермен байланысты болып отыр.
"Бұл негізінен 1980 жылдарда туған азаматшалардың есебінен қалыптасты. Біз бала туу деңгейі төмендейді деп қарастырамыз, себебі белсенді репродуктивті жастағылардың саны аз. Сонымен қатар 1980 жылға қарағанда өзгеше репродуктивті көзқарасы бар 1990 жылдардағы азаматшаларымыз алғаш рет босанғандар болып отыр. Сондықтан кейінгі 2000 жылғы ұрпақтың көзқарасын алып қарасақ, олар білім мен ғылымға, өзін дамытуға көбірек көңіл бөлгендіктен, туу деңгейінің төмендеу ықтималдығы жоғары", – деді демограф.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді
Дегенмен, маман түрлі жағдайлар болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
“Мысалы, әлемдік демографтар Қазақстанда бала туу деңгейі 2018 жылдан бастап төмендейді деп болжам жасаған болатын. Десек те, Қазақстан пандемия кезінде өте жоғары демографиялық дүмпуді көрсетті. Осылайша туудың жиынтық коэффициенті 3,3-ке дейін барды", – деді Аяулым Сағынбаева.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
272
-
0
-
0
-
-
2🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
286
-
0
-
3
-
-
3😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
287
-
0
-
5
-
-
4⚡️Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты
-
216
-
0
-
3
-
-
5⚡️ Супермарафоншы Марат Жыланбаев жеті жылға сотталды
-
198
-
0
-
2
-
-
6⚡️ 13 адамның өлімі: Алматыдағы хостелде көбіне шетелдіктер тұрған
-
194
-
0
-
0
-
-
7Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды
-
173
-
0
-
0
-
-
8Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша заң жобасына қатысты Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың сұрағы.
-
175
-
0
-
0
-
-
9Хостелдегі өрт: Ғимараттың кімге тиесілі екені белгілі болды
-
152
-
0
-
1
-
-
10🔹️ “Браконьер” іс-шарасы: 100-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық анықталды
-
118
-
0
-
0
-