"Қазгидромет" синоптиктері 20–22 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Мамандардың мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты суық орнайды.
Болжамға сәйкес, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталық аймақтарында ауа райы құбылып, қалың қар жауып, боран соғады. Осы өңірлерде ауа температурасы 0–5 градустан біртіндеп төмендеп, 18–30 градус аязға дейін жетеді.
Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы 33–35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
"20–22 желтоқсан күндері елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында айтарлықтай суыту күтіледі. Кей аймақтарда аяз күшейіп, қауіпті метеорологиялық құбылыстар орын алуы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шыққанда сақ болуды, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады.
USD:
517.3 / 519.9
EUR:
606.5 / 610.5
RUB:
6.39 / 6.51