Тікелей эфир

Демалыс күндері қарсаңында биржада доллар бағасы қымбаттады

Доллар бағамы 451,24 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы 2 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 451,24 теңге болды.

Бір тәулікте доллар бағамы 1,6 теңгеге көтерілсе, бір айда 5,78 теңгеге төмендеді. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 451-451,5 теңгеден сатып алып, 452,5-453 теңгеден сатуда.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 78,7 долларды құрайды.


Оқи отырыңыз: Семей қаласының тұрғыны сақ дәуірінен қалған алтын бұйымдарды тапты


 

Серіктестер жаңалықтары