Демалыс күндерге ауа райы болжамы: 15 градусқа дейін күн суытады

Аяз кезінде жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.

"Қазгидромет" синоптиктері 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон жылжып, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді", – деп жазылған хабарламада.

4 қарашада күндіз батыстан циклонның артына антициклон жылжиды, демек жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 3-15 градусқа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 2 градусқа дейін,  таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді. 


Оқи отырыңыз: Синоптиктер болжамы: Қазақстанның солтүстігінде күн күрт суытады


Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз