USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.27 / 6.39
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Давид Лория "Жеңіс" футбол клубының бас директоры болып тағайындалды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметін атқарды.

"Жеңіс" футбол клубы клубтың жаңа бас директоры болып Давид Лорияның тағайындалғанын хабарлады. 

"Давид Лория – біздің қаламыздың тумасы, клуб түлегі және "Жеңіс" футбол клубының сапында еліміздің үш дүркін чемпионы. Дәл осы Давид Григорийұлының тікелей атсалысуымен 2021 жылы клубымыздың қайта жаңғыруы басталды. Ол бас директор лауазымында Айдын Қожахметті алмастырады. Ал Айдын Қожахмет "Жеңіс" ФК құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады", – делінген клубтың хабарламасында. 

Еске салайық, ол айдың басында Қазақстан футбол федерациясындағы бас хатшы қызметінен кеткенін хабарлаған болатын. Ол мұның себебін федерация президенті Марат Омаровпен пікірлерінің сәйкеспейтінімен түсіндірген болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз