USD: 486.1 / 488.7
  • EUR: 557.5 / 562.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бапкер бұл шешімді өзі қабылдаған.

Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешімін қарап, оны қабылдады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады. 

"Команда тізгініндегі жұмысы барысында Талғат Байсуфинов құрамадағы барлық кезеңдері арасында ең үздік нәтижені көрсетті. Оның ішінде әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиямен өз алаңымызда тең түсті. Оның жетекшілігімен команда өз күшіне деген сенімділікті қайтарып, ФИФА рейтингіндегі орнын жақсартты. ҚФФ Талғат Маруаұлына кәсібилігі, ісіне деген адалдығы және Қазақстан ұлттық құрамасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді", – делінген ресми хабарламада. 

Федерация бапкерлер штабын жасақтау бойынша алдағы қадамдар туралы қосымша хабарлайды. 

Ал әзірге ұлттық құраманың алдағы матчтарға дайындығы қалыпты форматта жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз