Дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті

Фото: Madeniet_aqparat_ministrligi
Фото: Madeniet_aqparat_ministrligi
Гүлзира Бөкейхан қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге елеулі үлес қосқан дара талант иесі болды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейханның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесінде дүниеге келген. Ол қазақтың дәстүрлі ән өнерін өркендетуге елеулі үлес қосқан дара талант иесі болды. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы туындыларын жоғары деңгейде орындап, ұлттық мәдениеттің бай мұрасын кеңінен насихаттады.

Сонымен қатар, көне халық әндерін жаңғыртып, сирек мұраларды заманауи өңдеуден өткізіп, сахнаға шығаруға айрықша еңбек сіңірді.

Гүлзира Бөкейхан Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында қызмет атқарып, өмірін қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға арнады.

Министрлік марқұмның жарқын бейнесі мен өнердегі қолтаңбасы халық жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары