Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінің төртінші турында өткен "Бернли" – "Мидлсбро" матчының үздік ойыншысы деп танылды. Sportarena.kz мәліметінше, кездесу Бернлидегі "Терф Мур" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы мен "Бернли" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев алаңға негізгі құрамда шықты. Ол матчтың 81-минутында ауыстырылды.
Ойын қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаев матчтың үздік ойыншысы атанды.
Қазір "Бернли" төрт турдан кейін 2 ұпай жинап, Чемпионшип турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал "Мидлсбро" 7 ұпаймен 5-сатыға жайғасқан.