USD: 488.7 / 491.3
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.47 / 6.59
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына құжат қабылдау басталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Жеңімпаздарға "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріліп, арнайы диплом, төсбелгі және қаржылай сыйлық табысталады.

Елімізде дарынды жастарды қолдау мақсатында берілетін дәстүрлі "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды. Бұл марапат ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет пен спортта үздік нәтиже көрсетіп, жемісті еңбек етіп жүрген жастарға беріледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл байқау дәстүрлі түрде 10 номинация бойынша өтеді: әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Сыйлыққа 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. Олар халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдердің лауреаттары, ірі спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болуы шарт. Сондай-ақ өз саласына немесе тұтас қоғамға пайдалы инновациялық жаңалық енгізген жастар да бағын сынай алады.

Үміткерлердің құжаттарын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен елімізде тіркелген заңды тұлғалар ұсынады.

Қандай құжаттар қажет?

Байқауға қатысу үшін мына құжаттарды қағаз және электронды түрде өткізу керек:

  • үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • бекітілген нысан бойынша толтырылған тіркеу өтінімі;
  • ұсыныс хат (өтінішхат) және үміткердің жетістіктері туралы анықтама;
  • марапаттау дипломдарының, грамоталар мен алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);
  • үміткердің өзі жазған немесе ол туралы шыққан мақалалар мен жарияланымдардың көшірмелері (бар болса);
  • банктік шоттың бар екені туралы анықтама көшірмесі;
  • жетістіктерін растайтын басқа да материалдар (бар болса).

Жеңімпаздарға "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріліп, арнайы диплом, төсбелгі және қаржылай сыйлық табысталады.


Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы дәмханадан тамақ ішкен 19 адам ауруханаға түсті 


"Дарын" жастар сыйлығы алғаш рет 1992 жылы тағайындалған. Осы уақытқа дейін бұл беделді марапатты әртүрлі салада еңбек етіп жүрген 380-нен астам азамат иеленді.

Құжаттарды қайда және қашан өткізу керек?

Байқауға құжаттар 2026 жылғы 17 маусым мен 17 қыркүйек аралығында (оны қоса алғанда) қабылданады.

Қағаз нұсқасын мына мекенжайға апару қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі).

Электронды нұсқасын мына поштаға жіберу керек: daryn2026kz@gmail.com
Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43 (Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады).

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз